Халықаралық бокс федерациясы Головкинге чемпион сақинасын сыйға тартты

0 3

Халықаралық бокс федерациясы айқастың алдындағы соңғы баспасөз мәслихатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге ерекше сыйлық табыс етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Головкин IBF-тің үш титулын сәтті қорғағаны үшін бокс ұйымынан сыйлық ретінде чемпион сақинасын алды.

Айта кетейін, Головкин — Мартиросян жекпе-жегі Астана уақытымен 6 мамыр күні таңертең өтеді. Кездесуде қазақстандық боксшының WBA, WBC және IBO чемпиондық белбеулері тігіледі. Алайда, IBF чемпиондық белбеуі ойнатылмайды, себебі ұйым бұл айқасқа санкция берген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.