Street Workout KZ: Қанат Ислам эстафетаны Ардақ Назаровқа жолдады

0 9

Кәсіби боксшы және әлем чемпионы Қанат Ислам Street Workout KZ іс-шарасына қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасын қолдады. Боксшы эстафетаны Азамат Бекет пен Денис Теннен қабылдап алған еді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

АҚШ-тағы Флорида штатында тұрып жатқан Қанат Ислам Қазақстандағы оқиғаларды үнемі бақылап жүреді. Ол жастарды бұқаралық спортқа тартуға бағытталған республикалық жоба жайлы оқи сала, қазақстандықтардың белсенді өмір салтына қатысуға шешім қабылдаған.

«Мен бұл эстафетаны кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов пен аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровқа жолдаймын», — деді спортшы видео жолдауында.

Еске сала кетсек, «Street Workout KZ» акциясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап берген болатын. Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаны өзі бастап, «Street Workout KZ» байқауын — Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке, танымал әнші Қайрат Нұртасқа, танымал қазақстандық актер Әділ Ахметовқа жолдаған еді.

Ал бұдан кейін боксшы Бақтияр Артаев пен таэквондошы Арман Чилманов ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Street workout KZ бойынша бастамасына қосылды.

Акцияны кейін Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет Бейжің Олимпиада ойындарының таэквандодан қола жүлдегері Арман Чилмановтан эстафетаны қабылдап, Сочи Олимпиада ойындарының қола жүлдегері мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен және бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаровпен бірге бейне-үндеу түсірген. Роликте спортшылар барлық қазақстандықтарды street workout-пен айналысуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.