27 сəуір мен 2 мамыр аралығында Туркияның Анталия қаласында «Antaliya Open-2018» Халықаралық зияткерлік ойындар фестивалі аясында төл ойынымыз тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тоғызқұмалақ қауымдастығының баспасөз қызметі мәлім еткендей «Antaliya Open-2018» Халықаралық зияткерлік ойындар фестивалінде тоғызқұмалақ ойынынан өзге манкала және бестемшеден жарыстар өтті. Қазақстандық ойыншылар аталған ойындардың барлығында бақ сынады. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Түркиядан жалпы 100-ден аса спортшы қатысты.
Тоғызқұмалақ ойыны мен бестемшеден өткен жарыста жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмей, бас жүлделерді жеңіп алса, манкала ойынынан қырғыздардың мерейі үстем болды.
Жарыс қорытындысы: Тоғызқұмалақ:
Ерлер:
1-орын: Мақсат Шотаев (Қазақстан, Астана)
2-орын: Жанат Каймульдин (Қазақстан)
3-орын: Оңдырбаев Аманбек (Қазақстан, Ақтөбе)
Əйелдер:
1- орын: Сапарбекова Салтанат (Қазақстан, ОҚО)
2-орын: Қарақұлова Мадина (Қазақстан, Павлодар)
3-орын: Абильда Қызжібек (Қазақстан, Қызылорда )
Жастар:
1- орын: Далиев Эльдияр (Қазақстан, ОҚО)
2-орын: Алдабергенова Гүлжанат (Қазақстан, Ақтөбе)
3-орын: Есіркеп Кұндыз (Қазақстан, ҰСТО)
Фестиваль бағдарламасы бойынша үздік ойыншы атағымен қоса бас кубокты Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Эльдияр Далиев жеңіп алды.
Манкала ерлер:
1 орын: Жамакеев А. (Қырғызстан)
2-орын: Тинибеков Б. (Қырғызстан)
3-орын: Фарух Гулхан (Түркия)
Əйелдер
1-орын: Сарыкеева Г.(Қырғызстан)
2-орын: Райымбекова Р.(Қазақстан)
3-орын: Сағымбекова Ж.(Қырғызстан)
Бестемше:
Ерлер
1 орын: Хусаинов М. (Қазақстан Ақтөбе)
2-орын: Чороулу Н.(Қырғызстан)
3-орын: Нұрсейітов А. (Қырғызстан)
Əйелдер:
1-орын: Серіккызы М.(Қазақстан)
2-орын: Хасрет Эрдогду (Түркия)
3-орын: Бочкарева Г.(Ресей)