WhatsApp мессенджерін пайдаланатындардың саны бүгінде бір миллиардтан асты. WhatsApp мессенджерінің негізін қалағандардың бірі және компания басшысы Ян Кум қызметінен кеткенін мәлім етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Ол «осы саяхатта бірге болған» барлық адамға алғысын білдірді.
Washington Post газетінің хабарлауынша, Ян Кумның мұндай шешім қабылдауына Facebook компаниясымен арада туындаған келіспеушілік себеп болып отыр.
WhatsApp мессенджерін пайдаланатындардың саны бүгінде бір миллиард адамнан асты.
Facebook компаниясы WhatsApp-ты 2014 жылы 21,8 миллиард долларға сатып алды.