Жаңа компания «7-20-25» мемлекеттік ипотекалық бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады. Қазақстанның Ұлттық банкі «Баспана» ипотекалық компаниясын құрды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қаржы реттеушісінің еншілес компаниясы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының операторы қызметін атқарады. Бұл мемлекеттік бағдарлама Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен қолға алынып, қазақстандықтарға арзан ипотекалық несие ұсынады.
Ипотекалық несиені келесі шарт бойынша ала аласыз: жылына 7% пайыздық үстеме, бастапқы жарна көлемі 20%, несиелеу мерзімі — 25 жыл.