4 мамыр күні Т.Рысқұлов аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен және аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Эльмира Мырзагелдиева басшылығымен Каменка ауылындағы ҰОС ардагері Илияс Шажалиев ақсақалға сый-құрмет көрсетілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Сондай-ақ, іс-шараға Т.Рысқұлов аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кеңес мүшелері Әсел Туралиева, Гүлжан Қоңырбаева, Пернеш Исмаиловалар да демеушілік көрсетіп, ақсақалға азық-түлік кәрзеңкесін табыстады.
Ардагер ақсақал Илияс ата сұрапыл соғыс жылдарындағы қиын-қыстау күндер туралы естелігімен бөлісті.