Болашаққа бағдар жаңа бастамалар  

0 4

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев  бірқатар басқарма басшыларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Қазіргі таңда, 20-дан астам партиялық жоба дайындалған. Олардың қатарында жұмысы қайта жандандырылған «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» атты жобалар өз жұмысын жалғастыра бермек.

«Жаңа жобалардың барлығы Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі нақты тапсырмасы бойынша дайындалған. Соның нәтижесінде алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясында алғаш рет жобалық менеджмент тәжірибесі қолданылмақ. Бұл тәжірибенің әлемдік деңгейде аясы кең. Сол арқылы партияның Орталық аппараты мен барлық филиалдарының жұмысы жүйеленетін болады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірнеше жоба қолға алынды. Соның ішінде партияның бастамасымен жергілікті атқарушы орган, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен ашылатын 1000 ІТ-сынып пен 20 ІТ-орталықтың маңызы зор. Облыс бойынша биылғы жылы 12 ІТ-сынып ашылатын болады», – деді Мұратхан Жүнісәліұлы.

Алдағы уақытта осы меморандум бойынша аталған жобалар іске асатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.