Ішкі істер қызметкерлері айтулы мерекелерді атап өтті

0 0

Салтанатты іс – шара Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Оған тыл еңбеккерлері, ІІО ардагерлері және Тараз гарнизонының жеке құрамы Даңқ аллеясына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Ұлы Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күнінің құқық қорғау органдары мен халқымыз үшін мәңгілік есте қалар ерекше мереке, еліміздің беріктігінің, бабаларымыздың Отанға деген шексіз махаббатының жарқын бейнесі. Олардың ерлігін ұрпақтары ұмытпайды, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін әрдайым алғыс айтады», — генерал-майоры Тлеген Маткенов.

 

ІІД-нің ерекшеленген бірқатар қызметкерлеріне медальдар мен төсбелгілер, құрмет грамоталары және алғыс хаттар тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.