Әлеуметтік орталықта жігіттің сұлтаны анықталды

0 1

Іс – шара «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында» Отан қорғаушылар күніне орай, қызмет алушылар арасында өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Әрбір азаматтың бойына отанын қорғау, қадірлеу, қастерлеу оның борышы екенін, қиындықта еш мойымай жеңе білуге ынталандыру, қызмет алушыларының өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Байқауға қатысқан 7 қызмет алушы өз өнерлерін көпшілікке тарту етті. Сайыс үш бөлімнен құралып, сыннан сүрінбей өткен қызмет алушыларға жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.