Головкин жыл соңына дейін неше жекпе-жек өткізгісі келетіні белгілі болды

0 9

WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин тұрақты түрде рингке шығуға ниетті. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап «Zhambylnews» АА хабарлайды.

«Ол белсенді болып қалғысы келеді. Биыл тағы екі жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты», – дейді Головкиннің промоутері Том Леффлер.

Айта кетсек, Халықаралық бокс федерациясы Головкинді украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға міндеттеген еді. Керісінше жағдайда федерация қазақстандық боксшыны чемпион белбеуінен айырмақ.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.