ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына толықтыру енгізілуіне байланысты білім беру мекемелерінде оқитын азаматтарға академиялық демалыстарды ұсынуға қатысты өзгерістер жүзеге асады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұрын студенттер демалысын рәсімдеу үшін өзі оқитын жоғарғы оқу орнының кеңсесіне өтініш жазу керек болатын. Енді мұндай өтінішті қалалық ХҚКО-ға қалдыруға болады», — деп мәлімдеді Астанадағы Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев.
Құжаттарды қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру таңдау бойынша: қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жүзеге асады.