Головкин мен Альварес реваншының нақты күні белгілі болды

0 2

ESPN Deportes ақпараты бойынша, келесі аптада Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің өкілдері кездесу өткізіп, боксшылардың күзгі реваншын ұйымдастыруды талқылайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек сенбі, 15 қыркүйек күні, Мексика тәуелсіздігі күні қарсаңында болады. Осылайша, қазақстандықтар рематчты 16 қыркүйек күні таңертең тамашалай алады. GGG мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі былтыр осы күні өткен болатын.

Алғашқыда қазақстандық пен мексикалық 5 мамырда айқасады деп жоспарланған. Алайда, Альварестің допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкиннің промоутері екінші айқас үшін «Канелоға» қатаң шарт қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.