Қырғыз елінің азаматы бөгде адамның төлқұжатымен Қазақстанның шекарасынан өтпек болған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, 9 мамыр күні «Чон-Капка автожолы» бақылап-өткізу бекетінде шекарашылар қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасын бөтен төлқұжатпен өтуге тырысқан Қырғызстанның азаматы ұсталған.
Төлқұжаттық бақылаудан өту барысында 1982 жылғы Қырғыз Республикасының азаматы М.Р. Қырғызстанның өзге азаматына тиесілі төлқұжатты көрсеткен. Тергеу барысында аталмыш азамат Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынған тұлғалардың тізімінде тұрғаны анықталды.
Ұсталған адамға хаттама толтырылып ол Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырылды.