Облыстық «Нұр Отан» партиясы ҰОС ардагерлеріне зор құрмет көрсетті

0 5

«Нұр Отан» партиясы «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» акциясы аясында ардагерлерді құттықтап, сыйлықтар табыс етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Партия облыстық филиалы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шалданбай Шанбаев, Передереева Анастасия, тыл еңбеккері, жасы 100-ге келген Социалистік Еңбек Ері Мәрзия Ибрагимованы және облыстық ардагерлер кеңесін 20 жылдан астам уақыт басқарған 93 жасқа келген Тілеуқабыл Төребековты мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстап, ақ тілектерін жеткізді.

Партия облыстық филиалы тарапынан барлық 102 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және 200-ге жуық тыл еңбеккерлеріне сыйлықтар дайындалып, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаттары таратылды.

Ал, жасотандықтар ардагерлердің үйлерінде үй шаруасына және көктемгі дала жұмыстарына көмектесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.