Жамбыл облысында көкпар өтеді

0 1

Ұлттық ойын бүгін Бектөбе ауылындағы «Атшабар» ипподромында басталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Құрметті спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған көкпар және аударыспақтан ересектер арасында облыстық ашық турнир жыл сайын өткізілетін болады.

Жарысқа жақын облыстардан, Тараз қаласы мен 10 ауданнан барлығы 100-ге жуық спортшы қатысуда.

Жарысты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Жамбыл облысының ұлттық ат спорты түрлері федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.