Қазақстанда жемқорлықпен күрестің жаңа форматы енгізіледі

0 6

Қазақстанда «Жемқорлыққа қарсы майдан» атты жаңа жоба жарияланады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол азаматтық қоғамның күшін бір жерге тоғыстыруға бағытталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов өзінің бейне үндеуінде хабарлады.

«Жемқорлықпен күресті арнайы «омбудсмендер», «өзгерістер елшілері» және «комиссарлардың» белсенді қызметі арқылы жүзеге асырмақшы. Олардың негізгі бағыты – жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу. «Қоғамға осындай түсінік әкеле отырып, біз омбудсмендер арқылы жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңаша өзгерістерін енгізгіміз келеді. Олардың жұмыстары жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негізделген», – делінген хабарламада.

Төлеген Байғұлов жемқорлықпен күресте «өзгерістер елшілерінің» рөлін де атап өтті.

«Өзгерістер елшілерін жұмысқа енгізу қоғам мен мемлекеттік аппараттың әрекеттесуін түбегейлі өзгертуі тиіс. Олардың қызметіне мемлекеттік органдардың ең әлсіз тұстарын және жемқорлық қаупі бар жерлерін анықтау кіреді», – дейді қоғам өкілі.

Өзгерістер елшілері өз хабарламаларында жемқорлыққа қарсы комиссарлардың мәліметтерін қолдана алады. Ең қызықты жұмыс «Жемқорлыққа қарсы комиссарлардыкі» болады.

«Басқалардан өзгешелігі, олар халықпен жұмыс жүргізеді. Бір сөзбен айтсақ, олар кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің ішіндегі заң бұзушылықпен, нақты кемшіліктердің фиксациясын жасайды. Жасырын сатып алушы, рейдтер жүргізу, мемлекеттік сатып алу мониторингі, азаматтарды қабылдау сияқты әдістерді қолданатын болады», – деп хабарлайды Байғұлов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов орталықтың жұмысы «Жемқорлыққа қарсы он соққы» ұранымен жүргізілетінін баса айтты. Бұл бұрындары Мемлекет басшысымен айқындалған болатын. Қоғам өкілі қазақстандықтарды жемқорлықпен күрес жүргізуден шет қалмауға шақырды. Жемқорлық фактілерін азаматтар 87020002494 нөміріне жолдай алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.