Жаңбыр салдарынан сел жүріп, жолды жауып қалды. Алматыда облысында Ақсай шатқалында көлемі 800 метр куб сел жүрді, ақпаратты ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Оның мәліметінше, жауын-шашын салдарынан Ақсай өзенінің тармағы — Қызылжардағы су деңгейі көтеріліп, сел жүруіне әкеп соққан. Сел пионерлер лагеріне апаратын жолды алып кетіп, асфальт үстімен ағып жатыр.
Құтқарушылардың деректеріне сүйенсек, адам шығыны мен басқа да зардап болған жоқ.
Бұдан бөлек, Талғар ауданында жаңбыр салдарынан, «Верблюд» тауынан көлемі 60 метр куб көшкін жүрген.
Салдарынан Талғар — «Спутник» жазғы лагері жолы жабылып қалыпты. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылып, жергілікті атқару органдарына көшкін салдарын жою тапсырылды.