Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы және «Дельта-Долина» аймақаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Іс-шара барысында Шу ауданының 39 жастағы М. есімді тұрғыны ұсталды. Одан жалпы салмағы 15 келі 505 грамм болатын 16 түйіншекке оралған гашиш есірткі заты табылды.
Анықталғандай, құрықтау кезінде күдікті есірткі заттары жасырылған «Фольксваген Туарек» маркалы автокөлігінде болған.
Ол өз кінәсін толық мойындап, Шу аудандық ішкі істер бөлімінің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.