Бұл туралы Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс шақырылған 23-ші сессиясында айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекованың айтуынша, Тараз қаласындағы №10 орта мектебіне Сағадат Нұрмағанбетовтың есімін, облыстық филормонияға Кенен Әзірбаевтың есімін және Тараз қалалық мәдениет үйіне Ықылас Дүкенұлының есімін беруді ұсынылып отыр.
Ұсынысқа депутаттар да үн қосты. Сессия барысында өзге де бірқатар мәселелер қаралды.