Қазақстандық жігіт Эверест шыңын бағындырды

0 1

Қазақстандық альпинист әлемнің ең биік нүктесіне бірінші рет шыққан жоқ, биыл ол жаңа бағдармен барды. Танымал қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев екінші рет Эверест шыңын бағындырды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«11 мамыр күні таңертең Мақсұт Жұмаев пен оның достары әлемнің ең биік шыңы – Эверестке шықты. Құттықтаймыз! Шыңға оңтүстік жақтан шыққан, бәрі жоспарға сай. Жарайсыңдар!», — делінген шыңға шығуға арналған сайтта.

2007 жылы Жұмаев Эверестке солтүстік жақтан шыққан болатын. Ол осы жолғы саяхатының барысын үнемі әлеуметтік желіде жариялап отырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.