Астанаға алты елдің боксшылары келе жатыр

0 2

Астанаға алты елдің боксшылары келе жатыр деп бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мамырдың 23 күні Қазақстан ұлттық құрамасы Астанадағы бокс базасына жиналады. Біз онда АҚШ, Англия, Беларусь, Таиланд, Украина боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу өткіземіз. Сондай-ақ, Голландиядан боксшылар келе жатыр», — деп атап өтті Айтжанов.

«Осы біріккен оқу-жаттығу аяқтала сала маусымның 5-і мен 11-і аралығында елорда төрінде ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Кубогы өтеді. Барлық құрама мүшелері осы додада сынға түседі. Ал біздің биылғы жылғы ең басты жарысымы — Жазғы Азиада ойындары болады», — деп атап өтті бас бапкер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.