Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам Қазақстаннан көшіп кетті

0 0

Қоныс аударушылардың басым бөлігі солтүстік облыстардың тұрғындары, есесіне ірі қалалардың халқы өсіп жатыр. 2018 жылдың басынан бері Қазақстаннан 6 846 адам қоныс аударған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті осындай мәлімет келтірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі ТМД, оның ішінде Ресейге қоныс аударған.  Германияға 500-ге жуық, АҚШ-қа 60-тан астам азамат көшіп кеткен.

«Ең үлкен көші-қон Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Қазақстанға тұрақты тұруға келетін шетелдіктер де аз емес, олар, әдетте, ірі қалаларды таңдайды», — деді комитет сарапшысы Қайыр Рыспаев «Астана» арнасына берген сұхбатында. 

Бұдан бөлек, қала халқының саны, әсіресе, мегаполистерде өсіп жатқаны айтылады. Мәселен, Алматыға көшіп келгендердің саны қоныс аударғандардан 9 294 адамға көп, қазргі уақытта қала халқы 1 миллион 815 мың адамға жеткен. Астанада бұл көрсеткіш — 3 370 адам.

Leave A Reply

Your email address will not be published.