ОҚО-да алғаш рет ешкі сүтінің өнімдері шығарылды

0 0

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында алғаш рет ешкі сүті өнімдері шығарыла бастады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақта осы мақсатта арнайы кооператив құрылды. Жаңадан ашылған шаруашылықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа кәсіпті дамыту қажеттігін атап өтті. Нидерланд елінен ешкінің заанен деген сүтті тұқымы сатып әкелінген. Біздің ешкілер күніне 1,5-2 литр сүт берсе, заанендіктер тәулігіне 5-6 литр өнім беруге қауқарлы. Сондай-ақ өте өсімтал келеді. Қазір мұнда 500 бас ешкі бар, болашақта 6 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы жоба құны 1 млрд 829 млн теңге тұрады.

Жеңіс Тоғызақбаев, кооператив басшысы:

— Әртүрлі өнім шығырып жатырмыз қазір. Сүт өнімдерін әртүрлі майлылықта айран, қаймақ, сүзбе, йогурт, құрт, май, сондай өнім шғарып жатырмыз. Ертең жаңа құрылғы келгесін сырдың түр-түрін шығарамыз. Жұмсақ, қатты, орташа деген сияқты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.