Маңғыстаудағы кен орнында болған өрттен 32 жастағы ер адам ажал құшты

0 0

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Маңғыстаудағы кен орнында өрт болғанын растады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ресми өкіл келтірген дерек бойынша, оқыс оқиға Комсомольское кен орнында болған.

«Комсомольское кен орнында 19 мамыр күні 22:22-де 40 шаршы метр аумақта дренаждық ыдыс өртенгені туралы хабар Дағдарыс жағдайларды басқару орталығына 20 мамыр күні 02:58-де түскен. Оқиға ұңғыманы толықтай жөндеу кезінде болған. Салдарынан 1986 жылы туған «М-Техсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысшысы алған жарақаттарынан қаза тапқан. Тағы үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған», — деп мәлім етті Руслан Иманқұов.

 00:23-те өрт толықтай сөндірілген.

Айта кетейік, жапа шеккендердің бірінің денесін 60 пайыз күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екеуі травматология бөлімінде ем алуда.

Бұған дейін «М-Техсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысшыларын күйік шалып, оларды санитарлық авиация ауруханаға жеткізгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.