Жамбыл облысы әкімі мәдениет қайраткерлерін құттықтады

0 3

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыстық мәдениет қызметкерлерін айтулы мереке күнімен құттықтады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Атап айтқанда, Геннадий Тян, Қуандық Касымов, Жанат Айтжанова, Римма Абсаматова, Айгүл Кабиева, Мейрамгүл Жильгелдинова, Эльмира Дүтбаева, Үміт Битенова, Владимир Максименко, Жандос Омаров  алғыс және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

— Бұл күні, әдетте, барлық елде көркемөнер қайраткерлері, актерлер, режиссерлер, жазушылар, мұрағат және мұражай қызметкерлері, жалпы шығармашылық интеллигенция өкілдері үшін марапаттау салтанаты өтеді», — деді Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директорының орынбасары Ғалия Әлімжанова.

Шара барысында Асқар Мырзахметов барлық мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сондай-ақ болашақта орындалуы тиіс жоспарларды ортаға салды.

Осы күні Жамбыл облыстық мәдениет қызметкерлерінің Жамбыл облыстық драма театрының ғимаратында Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының, мұрағаттар мен құжаттаманың меңгерушілері атынан концерттік іс-шара өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.