Жамбыл облысында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кейінге қалдырылды

0 15

ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Үскімбаева Дәмеш Шайхықызы мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 — желтоқсандағы №648 бұйрығымен, 2018 жылға жоспарланған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мерзімдері келесі жылға ауыстырылды.

Қазіргі уақытта, білім беру ұйымдарында ішінара тексерулер жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №621 бұйрығымен 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған ішінара тексерулердің тізімі бекітіліп, оған облыс бойынша 45 білім беру ұйымы енген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.