Астанада Назарбаевтың қатысуымен KADEX-2018 көрмесі ашылды

0 1

Елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Baq.kz— ке сілтеме жасап.

Халықаралық көрмеде әлемнің 28 елінен 318 кәсіпорын әскери өнімдерін көрсетеді. Олардың арасында Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, Қытай, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сынды мемлекеттер бар.

Шараны алғаш рет ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен мекеме басшылары, әрі шетелдік ірі әскери кәсіпорындардың өкілдері қатысады.

Сондай-ақ KADEX-2018 көрмесіне 108 шетелдік кәсіпорынның басшылары келеді деп жоспарланған.

Халықаралық көрмеде әлемнің жетекші өндірушілерінің қару-жарақ және әскери техника, әскери өнімдері, ғарыш техникалары мен технологияларының үлгілері, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әзірлемелері ұсынылады.

Биыл көрмеде 10 павильон жұмыс істейді. Түркия, Қытай және Ресейдің жеке 3 павильоны болады.

Сондай-ақ шарада «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазтехнология» АҚ кәсіпорындарының павильондары, әрі ғарыш саласының жетекші үлгілері ұсынылатын жеке павильон құрылады.

Айта кетейік, «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі 2010 жылдан бері өткізіліп келеді.

Біздің Теlegram – парақшамызда Жамбыл облысы мен Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.