Қатты дауыл Астанаға 235 млн теңге шығын келтірді

0 1

Астанадағы дауыл салдарынан кейін жөндеу жұмыстары үшін қалалық бюджеттен 235 млн теңге бөлу қажет, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Елордада 2018 жылдың 22 мамырындағы қолайсыз ауа райы табиғи сипаттағы төтенше жағдай болып тіркелді. Оның салдарынан 10 адам медициналық көмекке жүгінді, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Жалпы аумағы 5907 шаршы метрді құрайтын 24 көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің қасбеттері зақымдалып, ұзындығы 9290 метр болатын қоршау құлаған», — деп атап өтті қалалық ТЖ департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Еркін Отарғалым Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, депратамент өкілінің айтуынша, 5316 метр шаршы метрді құрайтын 23 әлеуметтік нысанның шатырлары мен қасбеттері зақымдалған.

«Зақым келген әлеуметтік нысандар арасында 2 мәдениет нысаны, 1 денсаулық сақтау нысаны, 13 балабақша және 7 мектеп бар. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою, жөндеу жұмыстары шін қалалық бюджеттен 235 млн теңге бөлу қажет», — деді Еркін Отарғалым.

Leave A Reply

Your email address will not be published.