Биыл Қаратау қаласына 55 жыл, Талас ауданына 90 жыл толып отыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Осыған орай бұқаралық спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастырылды. Аталған шараға ауылдық округтермен қатар, аймақтағы мекемелерден 31 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
«Өткізіліп отырған спорт бәсекесінің мақсаты — туған өңірімізді ұлықтап, салауатты өмір салтын ұстануға қоғамның, халықтың назарын аудару. Егер әрбір қазақстандық алдына белгілі бір жоспар қойып алға ұмтылатын болса, онда еліміз міндетті түрде алдыңғы қатарлы мемлекеттің біріне айналады, — деді аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаев.
Кіші футбол, волейбол, арқан тарту, асық ату, жеңіл атлетика, қол күресі, гір көтеру, дартс, кроссфит бойынша сынға түсіп, нәтижесінде «Игілік» ККМ-і І орынды, білім бөлімінің құрамасы ІІ орын, аққұмдықтар ІІІ орынға табан тіреді.
Біздің Теlegram – парақшамызда Жамбыл облысы мен Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!