Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асқар Мырзахметов бірқатар шикі тірліктің бетін ашты. Мәселен, ауданға 2800 гектар суармалы жер қосылған. Бірақ, бұл бұл тек қағаз жүзінде ғана. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап.
Ал, ауылдық клуб салуға 600 млн теңгеден аса қаржы бөлген басшылар да бұл ісіне жауап бере алмай әбден састы. Ал, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы да кенжелеп тұр.
Сондай-ақ, алдымен өңір басшысы Мойынқұм АГРО серіктестігінің жұмысымен танысты. Бұдан әрі Мойынқұм ауданынан 300 шақырым жердегі Мыңарал ауылындағы балық зауытының тіршілігін көрді. Сонымен қатар, Жамбыл цемент өндірістік компаниясында болып, мұндағы цемент өнімдерін өткізу үшін туындап отырған темір жол мәселесін шешуді тапсырды.
Сонымен қатар, өңір басшысы тозығы жеткен Радай көпірін көрді. 2014 жылы 362 млн теңгеге салынып, екі жыл өтер өтпестен су шайып кеткен Радай су реттегіш нысанының жағдайымен де танысты. Аудан басшылығына көпірді қайта қалпына келтіруге 900 млн теңге сұраған. Бірақ, облыс әкімі қаражатты оңды-солды шашпай, 90 млн теңгеге де салуға болатынын айтты.
Бірқатар, өндіріс орындарын аралап, кей тірліктің тұралап тұрғанын көргеннен кейін Асқар Мырзахметов аудан активімен басқарма басшыларымен бірлесе, қорытынды жиын өткізді. Алдымен басқармаларды тыңдап, аудан әлеуетінің көрсеткішін көрді. Мысалы, 2800 гектер жер, суармалы жерге қосылды деген мәлімет болғанымен кімнің, қай шаруашылықтың жері екенін ешкім айтып бере алмады. Демек, мәлімет жалған. Ауыл шаруашылығына қолайлы өңір болғанымен облыс бойынша шаруаларға мемлекеттік несие саны 1000 болса, соның 16-сы ғана ауданға тиесілі. Бұл да жүйелі жұмыстың жоқтығы.
Серікбай ТӘПЕЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАЛУЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өткен жылы осы Мойынқұм ауданында 2800 гектар суармалы егістік қосылған. Бүгінгі таңда біз, зерделеп қарасақ, ешқандай қай округтен, қай шаруашылықтан қосылғаны белгісіз болып тұр.
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКМІ
— Ақпаратты бергендердің барлығын анықтайық, өтірік ақпарат бергендер жұмыстан кету керек. Егер де ауылдың әкімі айталық, аудан әкімдігіне берген ақпараттарынан жиналған болса, онда ауыл әкімі мен сол ауыл әкімінен берген мамандарды жұмыстан босату керек.
Ал денсаулық саласында түйткіл көп. Маман жетіспейді. Мәселен, 4 ай ішінде 4 сәби өлімі тіркелген. Аймақ басшысы бұған кінәлілерге, тек ескерту бермей, зерттеп, зерделеп шара қолдану керектігін баса айтты. Сондай ақ, Ауыл клубына бөлінген 600 млн теңгеден аса қаржы да назарға ілікті. Жауапты басшылар бұл ісіне жауап бере алмады.
Мойынқұм ауданы шаруаға қолайлы жайылымы кең, облыс жерінің жарты бөлігін алып жатқан өңір. Осыған тоқталған өңір басшысы, ауданға тиесілі Шу өзені маңайын да егістікке пайдалану керек деді.
Осылайша, аудан халқы көптен күткен кездесеу де талай жүгенсіз тірліктің түгенделуіне сеп болды. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов тиісті тапсырмалар беріп, атқарылар жұмысты бақылауда ұстайтындығын айтты.