БҒМ 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелерін бекітті

0 5

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларды мектепке қабылдауға қатысты жаңа ережелер туралы айтып берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, жаңа ережелерге сәйкес, осы күнтізбелік жылдың соңына дейін  жасы 6-ға толатын балалар дайындық деңгейіне қарамастан, 1-сыныпқа бара алады.

«Осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жасы 6-ға толатын балалардың барлығының мектепке баруға құқығы бар», — деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдары баланы қабылдаудан бас тартқан жағдайда ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің мекенжай бойынша жергілікті білім беру басқармасына хабарласа алатыны айтылады. Айта кетейік, биыл балалар 1-сыныпқа түсу үшін 1 маусым-30 тамыз аралығында өтініш қалдыра алады.

Мұнымен қоса, министрліктегілердің айтуынша, биыл мектепке қабылдауға қажетті құжаттардың тізімінен баланың мекенжайы жөнінде анықтама алынып тасталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.