Facebook-те «Рухани жаңғыру» логотипі мен франциялық ұйымның суреті арасында әжептәуір ұқсастық бары талқыланған еді. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» логотипінің франциялық ұйымның суретімен ұқсастығына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Біз қазір мұны қарап, талқылап, сіздерге кейін айтамыз. Иә, шынымен логотипте айтарлықтай ұқсастық бар, бірақ менің ойымша, бұл жерде плагиат туралы сөз болып отырған жоқ. Бұл мәселемен жеке айналысамыз», — деді Абаев үкімет кулуарында.
Ақпарат министрі суреттердің ұқсастығы ол үшін күтпеген жағдай болғанын айтты.
Бұған дейін Facebook қолданушылары «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының қалықтаған бүркіт пішініндегі түрлі түсті логотипін франциялық ұйымның суретімен салыстырып, екеуінің бір-біріне қатты ұқсайтындығын айтып шулаған еді.