Енді бұл қоғамдық көліктер қалада 4 бағыт бойынша қатынайды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оларды сатып алуға 190 миллион теңге жұмсалған. Су жаңа автобустар облыс орталығындағы №11, 17, 46 және 55-ші бағыттағы ескі автобустарды алмастырмақ. Жыл соңына дейін тағы 90 данасын әкелу жоспарлануда. Осы арқылы тозығы жеткен қоғамдық көліктер шетінен ауыстырылмақ.
«Бұл шаһардағы жолаушылар тасымалы мен экологиялық жағдайды біршама реттеуге сеп болады», – дейді қала басшысы.
Ғалымжан Әбдірайымов, қала әкімі:
— Алынған кезде газбен жүретін автокөліктерге ауыстырылды. Қалада тозығы жеткен, түтіні шыққан автокөліктер жүріп жүр. Осы түтіні шығып жүрген автокөліктердің барлығын осы линиядан аламыз. Үш күн деп айыппұл салынды. Автобустарын апарып кіргіздік. Басшыларымен жақын арада жиналыс өткіземіз.