Абаев: ұялы телефондарды тіркеу нормасы экстремистердің ізін жасыруға жол бермейді

0 7

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұялы телефондарды міндетті тіреу туралы норманың енгізілу себебін түсіндірді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Қазір біз ұялы телефондар туралы ғана айтамыз. Көптеген елдерде телефонның IMEI-кодын азаматтың ИИН нөмірімен байланыстыру тәжірибесі әртүрлі деңгейде бар. Бұл қалыпты жайт. Оның ішінде айта кетерлік мәселе, қазір экстремист әртүрлі телефон, SIM-карталарды пайдаланып, ізін жасыра алады. Бұл оларға мұндай мүмкіндік бермеуге бағытталған шара», — деді Абаев тілшілерге.

Ұсынылып отырған норма ұялы телефондардың ұрлануын азайтатыны туралы аудиофайлдан тыңдаңыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.