Аумақтық құрылымдар біріктірілді

0 12

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы филиал директоры болып Қыстаубай Әбдірұлы Сағынтаев тағайындалды, —  деп хабарлайды «Zhambylnews» АА  TURANINFO.KZ  ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының аумақтық филиалдары біріктірілді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы А.Оспановтың бұйрығымен корпорацияның облыстық филиалының директоры лауазымына басқарушы қабілеті жоғары басшы ретінде танылған, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің директоры қызметін атқарып келген Қыстаубай Әбдірұлы Сағынтаев тағайындалды. Сондай-ақ, филиал директорының орынбасарлары болып Зейнел-Нәби Сұлтанбаев, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бойынша Нұржан Артаев, әлеуметтік төлемдер бойынша Нұржан Төртбаев, халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша Данияр Медетбеков бекітілді. Мұндай ауқымды өзгеріс мамандар санын арттырып қана қоймай, мемлекеттік корпорацияның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Еске сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру көзделген еді. Нәтижесінде, 2016 жылдың сәуір айынан бастап мемлекеттік корпорация құрылып, құрамына «Жылжымайтын мүлік орталығы» «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы»,«Халыққа қызмет көрсету орталығы», және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» — төрт республикалық мемлекеттік кәсіпорындары кірген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.