Синоптиктер қай өңірлерде қатты жел соғатынын айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК өкілдері дауыл болатынын ескертті. 31 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел оңтүстік-батыс, батыстан секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр, күндіз кей жерлерде секундына 30 метр және одан да аса күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі.
Астана қаласында 31 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей уақытта секундына 23-28 метр күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертен тұман күтіледі. Петропавлда 31 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей уақытта секундына 23-28 метр күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертен тұман күтіледі.