Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында SAP Next-Gen Labs инновациялық зертхана ашу жоспарланып отыр. Зертхана студенттердің кәсіпкерлік, дизайнерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік біреді. Бұл туралы Қазақстандағы SAP компаниясының директоры Максим Ламсков айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы орайда ол аталған меморандум аясында аталған жоғарғы оқу орнында жаңа зертхана ашылатынын жеткізді.
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында SAP Next-Gen Labs инновациялық зертхана ашу жоспарланып отыр. Бұл әлемдегі цифрлық экономикадағы мәселелерді шешуге жол ашады. Зертхана студенттердің кәсіпкерлік, дизайнерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік біреді. Мұндай зертхананы ашудың мақсаты – жаңа инновациялық өнімдерді жасап шығаруға жол ашады», — деп түйіндеді сөзін директор.