Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектен уақытша шеттетілді

0 0

Квебектің бокс комиссиясы қазақстандық боксшылар Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО), Нұрзат Сабыров (6-0, 5 КО) және Батыр Жүкембаевті (13-0, 11 КО) жекпе-жекке шығудан уақытша шеттетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның себебі – спортшылар осы демалыста жекпе-жек өткізген соң, қайтадан қалыптарына келулері керек. BoxRec.com сайтының мәліметінше, Ахмедов рингке 2 маусымнан кейін, Сабыров 9 маусымнан кейін, Жүкембаев 17 маусымнан кейін оралады. Сабыров пен Ахмедов рингтегі келесі жекпе-жектерін 16 маусымда өткізеді, қарсыласының кім екені әзірге белгісіз.

Естеріңізде болса, осы жексенбіде Садриддин Ахмедов 84 секундта аргентиналық Ариэля Алехандро Сампердиді (9-4, 7 КО) нокаутпен, Батыр Джукембаев тағы бір аргентиналық Хонатан Хосе Энисті (20-10-1, 7 КО) техникалық нокаутпен ұтқан еді. Ал Нұрзат Сабыров қарсыласы мексикалық Роландо Паредесаны (13-7-2, 10 КО) төрешілердің шешімімен тізе бүктірген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.