Таразда саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алды

0 27

Бүгін облыс әкімі мен зиялы қауым өкілдері және тұрғындар саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алды,- деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Елбасы 31-мамырды «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы жарлыққа қол қойған болатын.

1930 — жылдары болған солақай саясат тұтастай қазақ халқына ауыр қасірет әкелді. Жазықсыз қудаланды, атылды. Ашаршылыққа ұшырады, делінген тарихи әңгімелерде. Осы кезеңде Қазақстанда 103 мың адам қудаланды. Ал, «халық жауы» деп 25 мыңдай азамат ату жазасына ұшырады. Тараз қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі осы зұлмат заманда жапа шеккен жандардың құрметіне қойылған ескерткіштің маңында өтті. Онда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен зиялы қауым өкілдері және мекеме қызметкерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.