Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0 13

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап. 

2 маусымда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыс бағыттан жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болатын жел соғады. Күндіз оңтүстік-батыс облыстарда 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ түсуі мүмкін.

3 маусымда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с-қа жетеді.

1 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-батыс желі (15-20 м/с) ұйытқиды.

2 маусымда 0-2 градустық үсік жүруі ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.