Т.Рысқұлов саябағында «Кітап – рухани қазына» атты ашық аспан астындағы «Жазғы оқу залы» жобасы салтанатты түрде ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
1 – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында Тараз қалалық Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі «Рухани қазына» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының шеңберінде ұйымдастырған.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаеваның айтуынша, қала тұрғындарының бос уақытын тиімлі пайдаланып, рухани дамуына және қаланың өркендеп өсуіне үлес қосу, Отандық көркем әдебиеттерді оқып білу және оларды танымал ету, жергілікті қаламгерлердің шығармаларын насихаттау арқылы жастарды мәдениеттің ұлттық құндылықтарын білуге баулиды.
Бүгінгі күннен басталған іс – шара күзге дейін әр жұма күні «Арман», «Фресно», «Т.Рысқұлов» саябақтарында ұйымдастырылып отырады.