Кольск түбегінің циклонымен байланысты туындаған, атмосфералық фронттар, Қазақстан бағытында жылжып келеді. Олардың ықпалынан республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн күркіреу кезінде қарқынды жел күшейіп соғады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ауа жылынады, температура климаттық нормаға жуық болады. Күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында +25, +33 градусқа, оңтүстік жартысында +30, +35, ал қиыр оңтүстікте +40 градусқа дейін жететін болады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жарияланған. 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 04 маусымнан 21 сағ. 05 маусым аралығы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деген болжам бар. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман.
Петропавл қ: 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 04 маусымнан 21 сағ. 05 маусым аралығы) оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.