Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Вaq.kz сайтына сілтеме жасап.
Елімізде қайтыс болғандардың көбінде менингококк инфекциясының А типі расталған.
«Қазақстан бойынша менингококк инфекциясымен сырқаттанғандардың арасында осы инфекцияның үш түрі кездесті. 16 адамда А серотипі, В серотипі 9 адамда және С типі 3 тұрғында анықталды. Ал, қайтыс болғандардың көбісінде А типі болып шықты», — деді комитет төрағасы.
Жандарбек Бекшин әр облыста арнайы штаб құрылып, менигококк инфекциясына қатысты барлық жұмысты атқарады.
«Күн сайын ресми ақпарат беріп отыруға дайынбыз. Тұрғындардың ескертулері мен өтініштерін тыңдап, ескереміз. Барлық аймақта әкім орынбасарының жетекшілігімен арнайы штаб құрылды. Оның құрамына ДСМ территориялық департаменттері кірді», — деді бас санитар дәрігер.