Ағымдағы жылдың 7-9 маусым аралығында Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР 2-ші Спартакиадасына Жамбыл облысының іріктеу жарысы өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Аталған іріктеу жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 60-қа жуық спортшылар қатысуы жоспарлануда.
Жарысты өткізудегі жалпы басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырады.
Шараның басты мақсаты — ҚР 2-ші Спартакиадасына Жамбыл облысының құрама командасын жасақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыстың салтанатты ашылуы: 2018 жылдың 07 маусым күні сағат 10.00-де.