Өзбекстанда ұстаздар қоғамдық жұмысқа жегілмейтін болды

0 9

Өзбекстанда университет ұстаздарын қандай бір қоғамдық жұмысқа жегуге қатаң тыйым салынды, — хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz сайтына сілтеме жасап. 

Есесіне студенттің үлгерімі тікелей педагогтан сұралады. Тіпті шәкіртінің білім нашар болса, ұстаз жұмыстан айырылады. Яғни, профессорлар мен оқытушылар қызметін студенттер үлгеріміне қарап бағалайды. Осыған орай «Тәлімгер-студент» деп аталатын жүйе енгізілетін болды. Оған қоса кейбір мамандықтар бойынша бакалаврларды кем дегенде үш жыл оқыту, ал магистратурада мамандарды бір жыл даярлау көзделген. Бұл  президенттің оқу орындарының білім беру сапасын көтеруге бағытталған арнайы жарлығымен белгіленген. Биыл Өзбекстандағы  жоғары оқу орындары 69 мыңнан астам болашақ бакалавр мен 6 мыңға жуық магистрант қабылдайды. Халықаралық сертификаттарға ие болған үміткерлер тиісті пәндер бойынша тест сынақтарынан босатылады. Шетел азаматтары жоғары оқу орындарының бакалавриатына тестілеуден өтпестен, тек  сұхбаттасу арқылы қабылданады. Одан бөлек болашақта жоғары оқу орындары абитуриенттердің құжаттарын электронды түрде қабылдамақ.

Абдулхай Сабиров, филология ғылымдарының докторы, профессор: 

«Профессор оқытушының қызметін бағалауда шәкірттің білім деңгейін негізге алуы өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Бұл – келешек үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Президент жарлығы еліміздің білім саласын жаһандық үрдіске жетелейді. Бір сөзбен айтқанда, Өзбекстандағы 80-нен астам жоғары оқу орнының техникалық базасы халықаралық стандартқа сәйкестендірілді».

Leave A Reply

Your email address will not be published.