Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 3,4% жоғарылады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA stat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны — 15,3%, жемістер мен көкөністерді — 10,5%, нан және жарма өнімдерін — 7,3%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.