Израильде үш ағайынды бір күнде әке атанды

0 3

Израильдің Бней-Брак қаласында үш ағайынды бір күнде әке атанды, балалары бірнеше сағат айырмашылықпен дүниеге келген. Жаңа туған нәрестелердің арасында егіздер бар, — деп хабарлайды VINnews.

«Мааней ха-Иешуа» ауруханасының перзентхана бөлімінде үш ағайынды кездесті, әрқайсысы әйелін босануға әкелген.

Алдымен үлкен ағасы, бірнеше сағаттан кейін екіншісі әке атанды. Сол күні үшіншісінің егіздері дүниеге келген.

— Бізді тоқтап, күлімдеп, содан соң одан әрі осы жерде күнде болатын таңғажайыпқа таңдай қағып, таңқалатын осы ерекеше сәтке дайындалмас еді, — делінген «Мааней ха-Иешуа» ауруханасы перзентхана бөлімінің мәлімдемесінде.

Бұған дейін АҚШ-та «30 жастағы» сәби дүниеге келгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әзербайжандық үшем мен қырғызстандық егіздер Түркістанда қазақ тілін үйреніп жүргенін жаздық.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.