Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин «менингитке қатысты елдегі ахуал тұрақталып келеді» деп мәлімдеді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда айтып аузын жиғанша Астанадағы инфекциялық ауруханаға менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен екі науқас түсті. Қазір оларға емнің барлық түрі көрсетіліп жатыр. Ал Алматыдағы жағдайға келер болсақ, мұнда менингококк ифекциясын жұқтырған 32 науқастың 13-і бала. Олар жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрігерлердің жіті бақылауында емделіп жатыр. Соңғы екі жетіде 3 мың адам тексеріліп, 300 адам дифиренциалды диагностикадан өткізілген. Бұл мәліметті бүгін баспасөз мәслихатын өткізген қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Қалада менингит ауруы туралы түрлі алып-қашпа ақпараттың тез тарауына байланысты емханаға хабарласушылар көбейген. Алайда соңғы 3 күнде ешкімнен ауру белгілері анықталмаған. Бір апта ішінде 12 адам толық жазылып шыққан.
«Ең бастысы, халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде сақтық шараларын ұстану керек», – дейді дәрігерлер.
Нұржан Исабеков, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
— Қазіргі уақытта инфекциялық ауруханалардың жансақтау бөлімдерінде қиын жағдайда жатқан науқастар жоқ. Барлық науқас бөлімшеге ауыстырылып, ем алып жатыр.