Өткен тәулікте менингит дертімен бірде-бір адам тіркелген жоқ. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Дегенмен індетін жұқтырды деген күдікке алынған 20 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 13-і – Алматы қаласынан. Ал Алматы облысы бойынша үш адам, Астана қаласында үш адам бақылауға алынды. Сондай-ақ Қарағанды облысынан бір науқас тіркелді. Жалпы жағдай тұрақты. Қазір құзырлы органдар індеттің алдын алу және сақтану жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мамандар иммунитеті төмен және өзін жайсыз сезінетіндер адам көп шоғырланатын орындарға бармауға кеңес берді.
Жандарбек Бекшин, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:
– Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатырмыз. Аймақтарда жедел желі жұмыс істеп тұр. Соңғы бірнеше тәулік ішінде 3 мыңнан астам қоңырау қабылданып, барлығына тиісті кеңес берілді. Бұл жұмыс дерттің таралуын тежеуге үлкен септігін тигізеді деген сенімдеміз.