Елімізде әлеуметтік желілер арқылы менингит туралы жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктіргендер табылды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары күдіктілермен жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін, 8 маусымда, өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, жалған ақпарат таратты деген күдікке 3-4 адам ілінген.
«Тиісті құқық қорғау органдары елді дүрліктіретін жалған ақпарат таратылуы мәселесімен айналысып жатыр. Біздің мәлімет бойынша, 3-4 адам күдіктеліп отыр. Олармен тиісті жұмыстар жүргізілуде», – дейді Бекшин.